Сәуір және мамыр айларында біз "AQUABABY.KZ-пен жазға дайындық" атты акция өткізгенбіз. Екі айдың ішінде жазғы демалыстың қарсаңында біз ата-аналарды және балаларды судағы қауіпсіздікке үйреттік. Ата-аналар балаларды суда ұстау әдіс-тәсілдерін үйренді, қауіпсіздік техникаларының негізімен тансыты, оқыс жағдай кезіндегі әрекет пен көмекке мұқтаж жандарға көмектесуді үйренді. Инструкторлар ата-аналарға теңіздегі демалыс тыныш әрі қуанышты өту үшін не істеу керектігін айтып берді. Акция соңында ата-аналар норматив тапсырып, диплом алды. Акция жыл сайын болады, бұл біздің тарапымыздан оқыс жағдайларды алдын алуға біздің үлесіміз.





